Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 447,7↓€ 502,7↑₽ 5,43↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-та дебют жасады • Қазақстан ғылымына 262 млрд теңге бөлінді: Нәтиже неге мардымсыз? • Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Келісім симфониясы» гала-концерті өтті • Парламентте баламалы энергетика туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды • ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді • Алматыда киіз басудың венгр дәстүрі таныстырылды • Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-та дебют жасады • Қазақстан ғылымына 262 млрд теңге бөлінді: Нәтиже неге мардымсыз? • Парижде ЮНЕСКО штаб-пәтерінде «Келісім симфониясы» гала-концерті өтті • Парламентте баламалы энергетика туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды • ҚазҰУ студентінің қазасына қатысты министр пікір білдірді • Алматыда киіз басудың венгр дәстүрі таныстырылды •

    Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-та дебют жасады

    Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық LNGSHOT тобының Bananas әніне бейнебаян түсіріп, K-pop-та дебют жасады. Бұл – оның осы саладағы алғашқы жұмысы.

    Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық топқа клип түсіріп, K-pop-та дебют жасады

    Фото: Instagram.com/aisultan

    Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов оңтүстіккореялық LNGSHOT тобының Bananas әніне бейнебаян түсірді. Бұл – оның K-pop бағытындағы алғашқы жұмысы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Режиссер жаңалықты Instagram парақшасында бөлісіп, шығармашылық ұжымға алғысын білдірді.

    “K-pop саласындағы алғашқы жұмысым. Оны LNGSHOT тобымен бірге жүзеге асыру мен үшін үлкен мәртебе. Сенімдеріңізге, күш-жігерлеріңізге және шығармашылық үндестік үшін рақмет!” – деп жазды Сейітов.

    Бейнебаян топтың YouTube арнасында жарияланды. Видеоның соңындағы титрде Сейітов жалғыз режиссер ретінде көрсетілген. Bananas әні ұжымның 10 қарашада жарық көрген S.W.I.S.H. атты жаңа шағын альбомына енген.

    LNGSHOT – Оюль, Рюль, Уджин және Луи есімді төрт жігіттен құралған оңтүстіккореялық топ. Ұжым 2026 жылғы қаңтарда өнер жолын бастап, рэпер әрі продюсер Джей Пак негізін қалаған MORE VISION лейблімен жұмыс істейді. Шығармашылығында хип-хоп, R&B және поп бағыттарын ұштастырады. Топтың атауы ағылшын тіліндегі Long Shot тіркесінен қысқартылған.

    Жаңа бейнебаян қазақстандық көрермендердің де назарын аударды. Желі қолданушылары режиссерге қолдау білдіріп, оның халықаралық жобаларға қатысып жүргеніне қуанышты екенін жазған.

    “Айсұлтанның келесі қадамын ешқашан болжай алмайсың”, “Клиптің соңында оны Айсұлтан түсіргенін көріп, таңғалдым. Сүйікті тобым енді қазақтарды біледі”, – деп пікір қалдырған көрермендер.

    Айсұлтан Сейітов бұған дейін 21 Savage, J. Cole және A$AP Rocky сынды шетелдік орындаушылармен жұмыс істеген. Қазақстандық көрерменге “Қаш” тарихи драмасының режиссері ретінде де таныс.

    Еске салайық, оның A$AP Rocky-дің Shroom Clouds әніне түсірген бейнебаяны жасанды интеллект қолданылған кадрларға байланысты дау туғызған еді. Визуалды эффект маманы Cache Bunny видеода өз жұмысы рұқсатсыз пайдаланылғанын мәлімдеген.

    Кейін Сейітов пен ProdCo компаниясы бейнебаянның бастапқы режиссерлік нұсқасын жариялады. Компания мұны бұл нұсқа 2024 жылғы қаңтарда аяқталып, тапсырыс берушіге тапсырылған деп түсіндірді. Ал дау тудырған кадрлар кейіннен бастапқы түсірілім тобының келісімінсіз қосылған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →