Ақтауда балалар ойнайтын алаңда қауіпті шұңқыр: әкімдік неге әрекетсіз?
Ақтаудағы №120 үй ауласында балалар ойнайтын алаңда қауіпті шұңқыр пайда болды. Тұрғындар дабыл қағып отыр, бірақ әкімдік әзірге шара қолданбай отыр.
Видеодан кадр
Ақтау қаласының 3-шағын ауданындағы №120 үйдің ауласында қараусыз қалған терең шұңқыр тұрғындардың алаңдаушылығын туғызып отыр. Ашық жатқан қауіпті шұңқырдың жанында күн сайын балалар ойнап жүреді. Бір сәттік абайсыздықтың өзі орны толмас қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.
Тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдап, дабыл қағып отырғанымен, әзірге мәселе шешімін таппаған. Ал жауапты мекемелер мен қала әкімдігі қауіпті аумақты қоршау немесе шұңқырды жабу бойынша неге нақты шара қабылдамай отыр?
Баланың өміріне қауіп төнгенде ғана әрекет етпек пе? Қала әкімдігі мен жауапты мекемелер бұл мәселеге қашан назар аударады? Қайғылы жағдай орын алмай тұрып, қауіпті шұңқырды шұғыл түрде жабу қажет!
Видео: @mukhanova.aziia
