Садыр Жапаров Қырғызстан президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды
Садыр Жапаров Қырғызстан президенттігіне кандидатурасын ұсынды. Комиссияға алты өтініш түсті, ұсыну мерзімі 13 қарашаға дейін, сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарда.
Қырғызстанда президенттік сайлауға қатысу үшін Садыр Жапаров өз кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы 10 қарашадағы жағдай бойынша комиссияға түскен өтініштерден белгілі болды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Комиссияға президенттікке кандидаттарды ұсыну туралы алты өтініш келіп түсті. Бұған дейін сайлауға қатысу ниетін Аймен Касенов, Азамат Эсенбеков, Сыймык Жапыкеев, Акай Қыдыров және Исхак Масалиев мәлімдеген болатын.
Кандидаттарды ұсыну мерзімі осы жылдың 13 қарашасына дейін жалғасады. Сайлау 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.
