Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді • Айқын Төлепберген продюсер Баян Алагөзованың жобасын сынап тастады • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды •

    Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында тілдегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді.

    Тоқаев қазақ тіліндегі жасанды сөздер мен араб терминдерінің шамадан тыс қолданылуына қатысты пікір білдірді

    Фото: Ақорда

    Қазақ тілі өзге іргелес елдердің тілдерімен салыстырғанда табиғи тазалығын жақсы сақтаған. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында айтты. Соңғы жылдары бұрын сирек қолданылған бірқатар төл сөз қайта жаңғырып, күнделікті қолданысқа енген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Мемлекет басшысы «тұжырымдама», «қағидат», «сыйақы», «шәкіртақы», «еңбек өтілі», «жанармай», «ғаламтор», «тікұшақ», «пайыз», «сынып» секілді сөздердің кең таралуын оң үрдіс ретінде бағалады. Алайда ол кейбір шет тіліндегі атауларды қазақшалаудың қаншалықты қажет екеніне күмән келтірді.

    «Бірақ әр жақсы құбылыстың шегі болуы керек. Мысалы, «күйсандық (пианино), қылтима (балкон), субұрқақ (фонтан), себезгі (душ), қырыққабат (капуста), үнқағаз (газет), жеделсаты (лифт), желкөз (форточка)» және тағы басқа жасанды сөздердің қажеттілігі екіталай сияқты», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сонымен қатар Президент діни терминдердің қолданысына да назар аударды. Оның айтуынша, кейінгі уақытта қазақ тіліндегі көне діни ұғымдардың орнына араб сөздерін қолдану жиілеген.

    «Соңғы кезде дінге қатысты көне сөздеріміздің орнын араб сөздерін жиі қолдану сән болып кетті. Мұның да қажеттілігіне күмән бар», – деді Мемлекет басшысы.

    Тоқаев тілге қатысты мұндай мәселелерді кәсіби мамандар мен ғалымдар бірлесе талқылауы керектігін атап өтті. Сондай-ақ қазақ тілінің ғылыми әлеуетін дамыту үшін баршаға қолжетімді әмбебап цифрлық жүйе әзірлеудің маңызын айтты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →