Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды • Алматыда әскери музыканттар арасында II конкурс өтті • Елена Рыбакинаның денсаулығы қорытынды турнир алдында алаңдаушылық тудырды • Үндістанда жолаушылар пойызы өртеніп, төрт вагон жалынға оранды • «Кардифф» — «Бернли»: Дастан Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы • Закир Найманбаев Power Slap 26 турнирінде Уэс Менаны жеңді • Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды • Алматыда әскери музыканттар арасында II конкурс өтті • Елена Рыбакинаның денсаулығы қорытынды турнир алдында алаңдаушылық тудырды • Үндістанда жолаушылар пойызы өртеніп, төрт вагон жалынға оранды • «Кардифф» — «Бернли»: Дастан Сатпаевсыз матчтың тікелей трансляциясы • Закир Найманбаев Power Slap 26 турнирінде Уэс Менаны жеңді •

    Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды

    Алматы полициясы Валерий Меладзенің концертіндегі жанжалға қатысты үш әйелді анықтады: біреуі 5 тәулікке қамаққа алынды, екіншісіне айыппұл салынды, үшіншісіне қатысты іс сотқа жолданды.

    Алматыда Валерий Меладзенің концертіндегі төбелеске қатысты үш әйел анықталды

    Фото: видеодан скриншот

    Алматы полиция департаменті Валерий Меладзенің концерті кезінде болған жанжалға қатысты үш адамды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Полиция дерегіне сәйкес, іс-шара барысында көрермендер арасында жанжал туындаған. Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері оларды концерт өтетін алаңнан сыртқа шығарған. Алайда концерт тоқтатылған жоқ және штаттық режимде жалғасты.

    «Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысқан үш әйел анықталды. Олардың екеуі Алматы облысының тұрғындары. Біреуі сот шешімімен 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Екіншісіне қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін айыппұл салынды. Ал Тараз қаласының тұрғынына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

    Сонымен қатар әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында концерттің тоқтатылғаны туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жарияланғаны анықталды. Instagram аккаунтының иесі анықталып, оған жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

    Полиция қоғамдық тәртіпті бұзғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.

    Еске салайық, бұған дейін Алматыда ресейлік әнші Валерий Меладзенің концерті жанжалға ұласқан еді. Сахна алдында бірнеше әйелдің ерегісіп, бір-бірін итеріп жатқанын байқаған өнер иесі әнін тоқтатып, егер олар жанжалды доғармаса, концертті бірден аяқтайтынын ескерткен.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →