Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты •

    Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті

    «Қазақ аруы – 2026» байқауында Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұраққа жауап бере алмағаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

    Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті

    Сурет: sn.kz

    «Қазақ аруы – 2026» байқауында қатысушыларға саясат пен тарихқа қатысты сауалдар қойылды. Кейбір қыздарды тығырыққа тіреген жүргізуші Аша Матайдың өзі сынның астында қалды. Көрермендер жүргізушінің бойжеткендердің сөзін бөліп, жауап беруге мүмкіндік бермегеніне наразылық білдірді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Осыдан кейін әлеуметтік желіде Аша Матайдың ескі бейнежазбасы қайта тарап, қызу талқыға түсті. Кадрларда тележүргізушінің «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұраққа жауап бере алмағаны байқалады.

    «Қазақ хандығы 1465–1466 жылдары құрылды, Аша ханым! Сахнадағы жас қыздарды сонша қинайтындай сіз де тарихты қатырып тұрған жоқсыз», – деп жазды желі қолданушылары.

    Желі қолданушылары өзгенің білімін сынамас бұрын, әркім алдымен өз біліміне мән беруі керектігін айтып, жүргізушінің әрекетін сынға алды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →