Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты

    Әнші Бүркіт «Көреміз» бағдарламасында енесін «мама» деп атамайтынын айтты. Себебі екеуінің арасы 5 жас. Сұхбатта енесі Аишамен танысу тарихын да баяндады.

    Әнші Бүркіт енесін «мама» деп атамайтынын айтты

    Фото: ашық дереккөзден

    Әнші Бүркіт «Көреміз» бағдарламасына сұхбат беріп, алғаш рет енесі жайлы әңгімеледі. Өнер иесі енесін «мама» деп атамайтынын жеткізді. Себебі екеуінің арасы небәрі 5 жас.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Мама деп айтпаймын. Бұл кісі менен 5-ақ жас үлкен. Қалай мен мама деп айтамын? Міне менің мамам, біреу-ақ», – деді ол.

    Сонымен қатар әншінің енесі оның Аишамен қалай танысқанын баяндады. Оның айтуынша, ол ең алғаш Аишаны концертке шақырған.

    Бүркіт (Айбек Жансейітов) – қазақстандық танымал эстрада әншісі, композитор, продюсер әрі актер. Ол 1978 жылы 12 шілдеде Тараз қаласында дүниеге келген. Әншілік мансабын 2000 жылдардың басында бастап, көңілді әрі ырғақты әндерімен көпшілікке танылды. «Тау-тау сезім», «Туған жер», «Мекенім Қазақстан», «Қолымнан ұста» сияқты әндері тыңдарманға кеңінен мәлім.

    Әнші жұбайы Аишамен (шын есімі – Виктория Жансейітова) бірге шығармашылықпен айналысады. Ерлі-зайыптылар 2010 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде олардың екі ұлы мен екі қызы бар. Бүркіт музыкадан бөлек, кино саласында да өзін сынап, режиссер және актер ретінде бірнеше жобаға қатысқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →