Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады •

    «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды

    «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды

    Фото: Ашық дереккөз

    Алматы облысында қайтыс болған 19 жастағы Мәдина Рашидқызының денесі қайта сараптама жүргізу үшін қабірден шығарылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оның өліміне қатысты қылмыстық іс аясында қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

    Бұл туралы оқиға орнынан видео жариялаған блогер Жан Ахмадиев мәлімдеді.

    Блогердің сөзінше, зиратқа полиция қызметкерлері мен қажетті мамандар келген. Ол бұған дейін де бойжеткеннің өліміне қатысты мәселе көтеріп, алғашқы сот-медициналық сараптама нәтижелеріне күмән келтірген. Осыған байланысты істі қайта тексеруді талап еткен.

    Жан Ахмадиевтің айтуынша, қайта сараптама жүргізу туралы шешім қабылданып, мамандар марқұмның денесін қабірден шығарған.

    Блогер бұл қадамның дәстүр тұрғысынан оңай емес екенін атап өтті. Дегенмен оның пікірінше, қыздың өлімінің нақты себебін анықтау үшін қайта сараптама қажет. Марқұмның артында сегіз айлық сәбиі қалған.

    Сондай-ақ Ахмадиев өзі жариялаған бейнежазбаларда Мәдинаның денесінен соққы іздері мен бұрыннан қалған жарақаттар байқалатынын айтты. Енді сарапшылар олардың шығу тегін және өлім себебімен байланысын анықтауы тиіс.

    «Біз ешкімді алдын ала айыптағымыз келмейді. Бірақ Мәдинаның өліміне қатысты шындық толық ашылуы керек. Оны өмірге қайтара алмаймыз, алайда шындықтың көмулі қалуына жол бермеуіміз керек. Біз бұл істі соңына дейін бақылауда ұстаймыз. Әділдік үшін күрес жалғасады», – деді блогер.

    Қазіргі уақытта қайта сот-медициналық сараптаманың нәтижесі белгісіз. Құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →