Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты •

    Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді

    Стас Покатилов «Сабах» құрамында «Викингке» қарсы матчта 7,1 ұпай алып, командадағы екінші жоғары бағаға ие болды. Пенальти қайтарғанымен, «Сабах» 1:4 есебімен жеңілді.

    Стас Покатилов «Сабах» құрамындағы ең үздіктер қатарына енді

    Сурет: sports.kz

    Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі төртінші турында Әзірбайжанның «Сабах» клубы Норвегияның «Викингіне» қарсы өткізген сыртқы матчта жоғары баға алды. Flashscore статистикалық порталының бағалауы бойынша, қазақстандық футболшы 7,1 ұпай жинады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Покатилов алаңға капитандық белгімен шығып, 69-шы минутта Златко Трипичтің пенальтиін қайтарды, алайда норвегиялық ойыншы қайта соққыдан гол соқты. «Сабах» 1:4 есебімен жеңіліс тапты.

    Қонақтар құрамында Покатиловтан жоғары бағаны тек шабуылшы Орфе Мбина алды. «Сабахтың» жалғыз голының авторы 7,3 ұпайға ие болды. Сол жақ қорғаушы Тимотеуш Пухач 7,0 ұпай жинаса, командадағы ең төмен бағаны Аден Маккарти алды — 4,9 ұпай. Қорғаушы VAR қарауынан кейін алаңнан қуылды.

    Төрт турдан кейін «Сабахтың» еншісінде үш ұпай бар. Бесінші турда Покатиловтың командасы 25 қарашада Қазақстан уақытымен 22:45-те «Барселонаны» қабылдайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →