Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 4 қараша 2026 $ 453,2↓€ 507,2↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы • Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды • Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді • Қайрат Түнтеков өнерден біржола кетпейтінін айтты • Астана – Петропавл тасжолындағы апаттан зардап шеккен полицей көз жұмды • Тоқаев Network School негізін қалаушы Баладжи Шринивасанды қабылдады • АЕК — «Реал»: Чемпиондар лигасы матчының тікелей трансляциясы •

    Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды

    Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деген ер адам 20 тәулікке қамалды

    Фото: Видеодан скрин

    Алматыда Қазақстанды «орыстың елі» деп атаған 40 жастағы ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның сауда орталығындағы күзетшімен жанжалдасқан видеосы тараған. Кадрларда күзетшінің супермаркеттен энергетикалық сусын алып шыққан сатып алушыдан түбіртек көрсетуді сұрағаны көрінеді.

    Алайда ер адам бұл талапқа қарсылық білдіріп, күзетшімен сөзге келген. Жанжалға басқа келушілер де араласып, оны дүкен қызметкерімен дөрекі сөйлеспеуге шақырған. Сол сәтте ол Қазақстанды «орыстың елі» деп атаған.

    Видеоның таралуына байланысты полиция тексеру жүргізіп, 40 жастағы Қазақстан азаматын анықтаған. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сот шешімімен ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →