Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Перизат Қайраттың түрмедегі жұмысы белгілі болды

    Перизат Қайраттың түрмедегі жұмысы белгілі болды

    Фото: Ашық дереккөз

    Қайырымдылыққа жиналған қаржыны жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайрат қазір жазасын өтеп жатқан мекемеде еден жуушы болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше Перизаттың анасы Ғайни Алашбаева әзірге жұмысқа орналастырылмаған.

    Құзырлы орган Перизат Қайраттың еңбекақысы мен жұмыс кестесі туралы ақпарат беруден бас тартты. Комитет оның сот үкіміне сәйкес жазасын қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеп жатқанын хабарлады. Қазір ол мекемеде еден жуушы міндетін атқарады екен.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сотталғандардың қай мекемеде жазасын өтеп жатқаны туралы ақпарат олардың жақын туыстарына хабарланады.

    Еске салсақ, Biz Birgemiz Qazaqstan қорының бұрынғы басшысы Перизат Қайрат 2024 жылдың қарашасында 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жиналған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол ақшаның бір бөлігін элиталық жылжымайтын мүлік, автокөлік сатып алуға және туристік сапарларға жұмсаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →