Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ташкентте 19 қазақстандық, оның ішінде 11 бала, ауруханада ем қабылдап жатыр

    Ташкенттегі №5 клиникалық инфекциялық ауруханада 17 адам, оның ішінде 11 бала мен 6 ересек жатыр. Барлығының жағдайы тұрақты, консулдық көмек көрсетілді.

    Ташкентте 19 қазақстандық, оның ішінде 11 бала, ауруханада ем қабылдап жатыр

    Фото: Өзбекстандағы Қазақстан елшілігі

    Ташкенттегі №5 қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада 17 адам жатыр: 11 бала және 6 ересек. Олардың барлығының жағдайы тұрақты, дәрігерлер қарап-тексеріп жатыр. Жалпы медициналық көмекке 19 адам жүгінген.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері Ташкент ауруханасына түскен қарағандылық жас футболшылардың жағдайын біліп, қажетті консулдық көмек көрсетті. Елшіліктің мәліметінше, оқиға туралы ақпарат түскен бойда консул Сәкен Пердебеков дереу ауруханаға барған.

    «Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі ауруханаға барып, емдеу барысымен танысты және уланған балалардың ата-аналарымен кездесті. Медициналық көмек көрсету мәселесі оның жеке бақылауында. Бұдан басқа, балалардың жағдайын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Отабек Имамов та бақылап отыр. Қажетті көмек көрсетуге Ташкент медициналық университетінің профессорлары, Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары және басқа да бейінді сарапшылар тартылған», – делінген елшілік хабарламасында.

    Сонымен қатар Dostlik Cup 2026 турнирінің ұйымдастырушылары ауруханаға түскен отандастарымызға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

    Еске салайық, Қарағандыдан Ташкентке барған бір топ жас футболшының жағдайы күрт нашарлап, олар ауруханаға түскен болатын. Осыған байланысты Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы тың мәлімет жариялады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →