Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді
Фото: Azattyq Rýhy
IQAir рейтингіне сүйенсек, Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді. Қаладағы ауа сапасының индексі 165 пункті құрады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Рейтингте Алматыдан жоғары Пәкістанның Лахор қаласы (индексі – 214) мен Үндістанның Дели қаласы (индексі – 178) орналасқан. Ал төртінші орында Үндістанның тағы бір қаласы – Канпур (индексі – 160) тұр.

Айта кетейік, ауа сапасының индексі ластану деңгейін және оның адам денсаулығына тигізетін әсерін бағалауға арналған бірыңғай сандық көрсеткіш. Бұл ретте IQAir рейтингі бойынша Алматы қаласының индексі «адам денсаулығына зиян» санатқа жатады.
