Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 1 қараша 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды • Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты • Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды • Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады • Бахрейндегі Азия чемпионатында қазақ фехтованиешілері екі қола медаль алды • Қуат Хамитов Душанбеде жеңіске жетіп, футболға бөлінетін қаржыны сынға алды • «Шымыр»: Ержанов сценарийі Матжановтың қолында қалай жанданды •

    Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды

    Танымал актер Санжар Мәди Алматыдағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы тұрмыстық жағдайға наразылық білдіріп, салықтардың қайда жұмсалатынын сұрады.

    Санжар Мәди Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жағдайын сынға алды

    Сурет: politico.kz

    Қазақстандық танымал актер Санжар Мәди Алматыдағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасындағы (БСМП) жағдайға наразылық білдірді. Өнер иесінің айтуынша, әкесі денсаулығы күрт нашарлаған соң аталған медициналық мекемеге жатқызылған. Алайда ауруханадағы тұрмыстық жағдай көңіл көншітпейді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Актер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, науқастарға берілетін тамақ пен шай суып қалады. Бұдан бөлек, бөлімшеде дәретхана қағазы мен сүлгі секілді қарапайым гигиеналық заттар да жоқ.

    Санжар Мәди әкесінің өткен жылы да осы ауруханаға түскенін еске алды. Сол кезде медициналық қызмет сапасын жақсарту үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен аурухананың бас дәрігеріне дейін хабарласуға мәжбүр болған.

    Актер мұндай мәселелерді шешу үшін неге міндетті түрде жоғары лауазымды тұлғаларға жүгіну керектігін түсінбейтінін жеткізді. Оның пікірінше, науқастарға қажетті қарапайым жағдайды жасау үшін арнайы шағымданудың қажеті болмауы керек.

    Сондай-ақ ол Алматының орталығындағы ірі медициналық мекемеде осындай жағдай болса, басқа өңірлердегі ауруханаларда науқастар қандай қиындықтарға тап болып жатқанын елестетудің өзі қиын екенін айтты.

    «Менің салықтарым мен аударымдарым қайда кетіп жатыр?» – деп сауал қойды Санжар Мәди.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →