Каспийде ҰҚК Шекара қызметі 126 құқық бұзушыны ұстады
ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде жедел-профилактикалық шаралар өткізіп, 126 құқық бұзушы мен 44 кемені ұстады, 11,5 келі есірткі тәркіленді.
Фото: ҰҚК
ҰҚК Шекара қызметі Каспий теңізінде заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған арнайы жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізді. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметінің хабарламасында айтылған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Биыл қазан айында мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілген шаралардың нәтижесінде 126 құқық бұзушы және 44 шағын көлемді кеме ұсталды.
«Сондай-ақ 11,5 келі есірткі мен 88 шақырым браконьерлік құрал-жабдық тәркіленді. Браконьерлік торлардан табылған 2 337 бекіре мен өзге де балық түрі табиғи мекендеу ортасына жіберілді», — деп жазылған хабарламада.
Құқық бұзушыларға 4,5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар мемлекетке келтірілуі мүмкін 840 миллион теңгеден астам залалдың алдын алынды.
