Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Ақтауда «Цифрлық модельдеу» бойынша республикалық конкурс өтті • Қазақстандық семсершілер Бахрейндегі жастар чемпионатында жүлде алды • Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты • Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды •

    Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

    Атырау қаласы Дамба ауылы маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті 1 гектар аумақта толық сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

    Атырау маңында Орал өзені жағалауындағы қамыс өрті сөндірілді

    Сурет: Видеодан скриншот

    31 қазанға қараған түнде Атырау қаласындағы Дамба ауылынан шамамен 6 шақырым жерде, Орал өзенінің жағалауында қамыс өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Министрлік мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде өрт ошағының көлікпен жетуге қиын аумақта орналасқаны, сондай-ақ арнайы өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс жолдардың жоқтығы анықталған.

    «Өрт орнына жеке құрамды жеткізу үшін жүзу құралдары пайдаланылды. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастырып, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде өрт 1 гектар аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — делінген министрлік хабарламасында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →