Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Қазақстан өңірлерінен келген фермерлер Алматыға арзандатылған бағамен 400 тоннадан астам азық-түлік әкеледі • «Амал жоқ, ұялдым…»: Дариға Бадықованың экс-күйеуі тағы бір жаңалығын айтты • Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды • Тоқаев Ресейді Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуға шақыруды ұсынды • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты • Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты •

    Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды

    Shymbulak халықаралық SKI BUSINESS AWARDS 2026 сыйлығының лауреаты атанды

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы тау кластерін дамыту қаланың әлемдік туризмдегі орнын нығайтады

    Shymbulak тау курорты SKI BUSINESS AWARDS 2026 халықаралық салалық сыйлығының лауреаты атанды. Velvet Shymbulak Club клубтық бағдарламасы туристік қызмет көрсету сапасын арттырып, жаңа қызмет көрсету стандарттарын енгізгені үшін марапатқа ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасының өкілдері хабарлады.

    Марапаттау рәсімі 28 қазанда Мәскеуде Туристік аумақтар форумы аясында өтті. Shymbulak курорты бұл сыйлықты бесінші рет иеленіп отыр. Бұған дейін курорт 2021, 2023, 2024 және 2025 жылдары түрлі аталымдар бойынша марапатталған.

    Курорттың халықаралық деңгейде мойындалуы Алматы тау кластерін дамыту жұмыстарымен тұспа-тұс келіп отыр. Жоба аясында 32 жаңа аспалы жол салу, шаңғы трассаларының ұзындығын 151 шақырымға дейін жеткізу және курорт инфрақұрылымының тәулігіне 6 мыңнан 30 мың адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігін арттыру көзделген.

    Қазір жұмыс Shymbulak курортында, сондай-ақ Бұтақты және Кімасар шатқалдарында жүргізіліп жатыр. 2026 жылдың соңына дейін курортта екі жаңа аспалы жол салынып, шаңғы тебу аймағын кеңейту жоспарланған.

    Тау кластерін дамыту жыл бойы демалуға қолайлы жағдай жасауға, қолданыстағы инфрақұрылымға түсетін жүктемені азайтуға және тау курорттарын қала тұрғындары мен туристер үшін қолжетімді етуге бағытталған.

    Туризм басқармасының мәліметінше, инфрақұрылымды кеңейту келушілер санын арттыруға, туристік қызмет түрлерін дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →