Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты

    Димаш Құдайберген Анкарада Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысып, Түркия Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен ән орындады.

    Димаш Құдайберген Анкарадағы Түркі мемлекеттері ұйымының концертіне қатысты

    Фото: Ақорда

    28 қазанда Анкарада Түркия Президенттік симфониялық оркестрі мен түркі әлемінің таңдаулы классикалық вокал орындаушылары бас қосқан «Grand Arena Concert» музыкалық кеші өтті. Бұл туралы DimashNews сайтына сілтеме жасап turkystan.kz хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ауқымды концерт Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай, Түркі мемлекеттері ұйымының мәдени іс-шаралары аясында ұйымдастырылды.

    Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі, ТҮРКСОЙ ұйымының жоғары марапаты – «Түркі әлемінің мәдениет елшісі» орденінің иегері Димаш Құдайберген концертке арнайы шақырылған құрметті қонақ ретінде қатысты.

    Әнші Түркия Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өзінің «Ұмытылмас күн» атты авторлық композициясын қазақ тілінде орындап, әлемдік рок музыкасының классикасы саналатын Queen тобының «The Show Must Go On» туындысын көпшілік назарына ұсынды.

    Сонымен қатар Димаш танымал түрік диджейі Бурак Йетермен бірлесіп жазған «Weekend» композициясын және жуырда тұсауы кесілген, түрік тіліндегі алғашқы авторлық әні «Yazgı» туындысын орындады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →