Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды
Павлодар облысының Атамекен ауылында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел қамалып қалды. ТЖМ құтқарушылары оны аман алып шығып, жедел жәрдемге тапсырды.
Сурет: Видеодан скриншот
Павлодар облысының Атамекен ауылында сыртта орналасқан әжетхана топыраққа опырылып, ішінде болған әйел қамалып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Оқиға туралы хабарлама «112» пультіне түскен. Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құрылымның одан әрі опырылуына жол бермеу үшін оны ұстап тұрып, есігін бөлшектеген. Осылайша әйелді сыртқа алып шықты.
Құтқарылған әйел медициналық тексеруден өту үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.
