Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңілді
Астанада өткен әйелдер күресінен әлем чемпионатының жартылай финалында Жәмила Бақбергенова Қытай спортшысы Зелу Лиден 2:4 есебімен жеңіліп, қола медаль үшін белдеседі.
Сурет: inbusiness.kz
Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатының жартылай финалында қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова қарсыласына есе жіберді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығу жолындағы белдесуде Бақбергенова Қытай өкілі Зелу Лиден 2:4 есебімен жеңіліс тапты.
Осылайша, Бақбергенова әлем біріншілігінің қола медалі үшін таласқа түседі. Оның қатысуымен өтетін финалдық блок бейсенбі, 29 қазан күні өтеді. Қарсыласы кейінірек анықталады.
