Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ыстамбұлда қазақстандық қыздың қаза тапқаны расталды

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұлда 26 жастағы Айсұлу Бекмаханованың қаза тапқанын растады. Дипломаттар туыстарына көмек көрсетуде, тергеу жалғасуда.

    Ыстамбұлда қазақстандық қыздың қаза тапқаны расталды

    Фото: DHA

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Ыстамбұл қаласында Қазақстан азаматының қаза тапқанын растады. Дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста болып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Түркияның құзырлы органдары тергеу жүргізіп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады ҚР СІМ. Ведомство өкілінің мәліметінше, бұл мәселе Қазақстан тарапының бақылауында.

    Бұған дейін Түркияның DHA агенттігі оқиғаның 25 қазан күні таңертең Шишли ауданында болғанын хабарлаған еді. Агенттіктің мәліметінше, қаза тапқан 26 жастағы Айсұлу Бекмаханова болған.

    Алдын ала болжам бойынша, қыз алтыншы қабаттағы балконнан көрші ғимараттың шатырына өткен. Сол жерде шатырдың күнқағарына басып, төменге құлаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтаған.

    DHA агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан азаматы Түркияға қыркүйек айында туристік визамен барған. Қазіргі уақытта оның қаза болу жағдайына қатысты тергеу жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →