Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Құламбаева Гуанчжоу турнирін жеңіспен бастады

    Жібек Құламбаева Изабель Хаверлагпен жұптасып Гуанчжоу Опен-2026 турнирінің стартында қытайлық қарсыластарын супертайбрейкте жеңді. Ширек финалда Козырева мен Лимсденмен кездеседі.

    Құламбаева Гуанчжоу турнирін жеңіспен бастады

    Фото: ktf.kz

    Қазақстандық Жібек Құламбаева (102) Нидерландтық Изабель Хаверлагпен (65) жұптасып, Гуанчжоу Опен-2026 теннис турнирінің стартында қытайлық Ихань Цюй (1015) мен Руен Жанг (515) жұбын 6:3, 4:6, 10:5 есебімен жеңді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Бірінші партияда қазақстандық-нидерландтық тандем 31 минут ішінде қарсыластарының бір брейкіне қарсы үш брейк жасап, 6:3 есебімен алға шықты. 40 минутқа созылған екінші партияда қытайлықтар есепті теңестірді – 6:4. Барлығы супертайбрейкте шешілді. Жібек пен Изабель бірден алға шығып, басымдықты жоғалтпады – 10:5. 1 сағат 23 минут ішінде Құламбаева серіктесімен 66 розыгрышты ұтып алды, қарсыластары – 56.

    Ширек финалда Құламбаева Хаверлагпен Мария Козырева (48) мен Майя Лимсден (35) жұбына қарсы ойнайды. Турнир стартында бірінші себеттегі ресейлік-британдық дуэт үнді-тайландтық Рутуджа Бхосале (117)/Пингтарн Плипуеч (98) жұбын 6:3, 6:3 есебімен жеңген болатын.

    Осы жылдың шілдесінде 26 жастағы Құламбаева ригалық Дарья Семенистаямен жұптасып, Гамбургтегі WTA-250 турнирінің финалына бір қадам жетпей тоқтаған еді.

    Гуанчжоу ашық чемпионаты 250 санатындағы әйелдер турнирі хард кортта 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Әр жылдары мұнда қытайлық Чжан Шуай мен Ли На, ресейлік Анна Чакветадзе мен Вера Звонарева, сербиялық Елена Янкович және басқалар жеңіске жеткен.

    2018 жылы біздің Юлия Путинцева финалда турнир қожайыны Ван Цянға 1:6, 2:6 есебімен жол берген.

    Гуанчжоудың қазіргі чемпионы – Энн Ли. Өткен жылы американдық теннисші шешуші матчта Жаңа Зеландиялық Лулу Санды 7:6 (7:4), 6:2 есебімен жеңген.

    Гуанчжоу Опен-2026 турнирінің жүлде қоры – 283,3 мың доллар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →