Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды
Қырғызстанның оңтүстігінде 26 қазанға қараған түні магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды. Ошақ 27 шақырым тереңдікте, қарқындылығы 3 балл.
Сурет: istockphoto.com
Қырғызстанның оңтүстігінде 26 қазанға қараған түні жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері сағат 02:21-де болған.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 3,1-ді құраған, ал ошағындағы қарқындылығы шамамен 3 балл болған. Ошақ 27 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ничке ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым, Қызыл-Өзгөрүш ауылынан шығысқа қарай 18 шақырым және Тоқтоғұл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 62 шақырым жерде болған.
Қызыл-Өзгөрүш, Ничке және Сары-Бұлақ ауылдарында жерасты дүмпулерінің қарқындылығы шамамен 2 балл болған.
Еске салайық, 24 қазанда Қырғызстанның оңтүстігінде қарқындылығы 3 балл болатын жер сілкінісі тіркелген еді.
Бұған дейін Қытайдың оңтүстік-батысында болған жер сілкінісінен кейін 949 қайталама дүмпу тіркелген болатын. Салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 76 адам зардап шеккен.
