Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт • Қырғызстанның оңтүстігінде магнитудасы 3,1 жер сілкінісі болды • Автобуста 55 жолаушы болған: қиылыста бағдаршамды өтіп кеткен көлік соқтығысып, ер адам қаза тапты • Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды • Түркістанда «TAIQAZAN» гастрономиялық фестивалі өтіп жатыр • Рыбакина Нинбода титул қорғап, WTA рейтингінде 2000 ұпайға алға шықты • UFC Қазақстанда турнир өткізуді жоспарлап отыр – Дана Уайт •

    Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды

    Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен екі қола медаль жеңіп алды. Айдос Сұлтанғали мен Ысхар Құрбаев үшінші орынды иеленді.

    Қазақстандық балуандар Астанадағы әлем чемпионатында екі қола медаль жеңіп алды

    Фото: ҰОК

    Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның грек-рим күресінен ұлттық құрамасының өкілдері Айдос Сұлтанғали мен Ысхар Құрбаев қола жүлдегер атанды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айдос Сұлтанғали үшінші орын үшін белдесуде Қытай балуаны Цао Лигоды жеңді. Ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

    Айта кетейік, 2025 жылы Сұлтанғали Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында топ жарып, Қазақстан тарихындағы грек-рим күресінен алғашқы алтын медальді жеңіп алған еді.

    Ұлттық құрамаға тағы бір қола медальді 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ысхар Құрбаев әкелді. Ол үшінші орын үшін белдесуде Үндістан балуаны Лалитті мерзімінен бұрын жеңді.

    Осылайша, 25 қазандағы жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде грек-рим күресінен әлем чемпионатының екі қола медалі бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →