Бүгін Грэмми иегері Иманбек Зайкеновтың туған күні (ВИДЕО)
Фото: instagram.com/imanbekmusic
Бүгін қазақстандық диджей, музыкалық продюсер Иманбек Зайкеновтың туған күні, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
2000 жылы Павлодар облысының Ақсу қаласында туған.
2019 жылы ол Saint Jhn-ның «Roses әніне жасаған ремиксі арқылы халықаралық деңгейде танымал болып, сол үшін „Грэмми-2021“ музыкалық сыйлығын алды. И.Зейкенов — Қазақстаннан Грэмми алған алғашқы музыкант, сондай-ақ ТМД және бұрынғы КСРО елдерінде классикалық емес музыка категориясында Грэмми сыйлығын алған алғашқы музыкант болды (2021); Президент оркестрінің ABYROY тобының «РУХ» патриоттық әніне түсірілген бейнебаянды аранжировкалауға қатысты (2024).
«Құрмет» орденімен марапатталған (2025).
