Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды
Фото: Видеодан алынған кадр
Мексиканың Веракрус пен Оахака штаттарында күн суытты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.
Желдің екпіні сағатына 80 шақырымға жетеді. Оның үстіне толассыз жаңбыр жауып, өзендер арнасынан асып, су тасқыны жүрген.
Жағалауларда толқынның биіктігі 6 метрге дейін көтеріліп, жолдарды су басты. Жұт жеті ағайынды дегендей осындағы Лас-Чоапас қаласында электр қуаты өшіп қалғандықтан үйді жылыту үшін қосылған генератордың түтініне уланып, 6 адам көз жұмды.
Вилла Алленде қаласында 4 тұрғын лай көшкіні кезінде құлаған үйіндінің астында қалып, мерт болған. Аймақтағы 29 ауданда мектептер уақытша жабылды.
Метеорологтар жақын арада жауын тағы жауады деп ескертеді.
