Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері • «Кітап оқитын ұлт» марафонына 1,4 миллионнан астам адам қатысты • Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті • Тараз – Астана рейсіндегі тексеру: полиция түсініктеме берді • Зерттеу: Өзін тартымды санау жыныс, білім және тұлғалық қасиеттерге байланысты • ТүркПА отырысында Құрылтай төрағасы Қырғызстан парламентінің спикерімен кездесті • Доллар бағамы 452,59 теңгеге көтерілді: Ұлттық банк бағамы мен айырбастау пункттері •

    Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті

    Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ-да студенттермен кездесіп, жасанды интеллекттің бизнестегі мүмкіндіктері туралы айтты және «Жасанды интеллект әліппесі» кітабын сыйға тартты.

    Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ студенттерімен жасанды интеллект туралы кездесті

    Бүгін журналист әрі жасанды интеллект маманы Мейіржан Әуелханұлы Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында ол жасанды интеллекттің бизнестегі мүмкіндіктері жөнінде әңгімелеп, осы саладағы өз тәжірибесімен бөлісті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Студенттер ЖИ құралдарын жобаларда пайдалану, жеке кәсіпті автоматтандыру және IT мамандығының болашағы туралы сұрақтар қойды. Сонымен қатар Мейіржан Әуелханұлы ХАТУ президенті Рустем Баигаридің қабылдауында болып, өзі жазған «Жасанды интеллект әліппесі» кітабын сыйға тартты. Бұл — қазақ тіліндегі жасанды интеллект сауаттылығына арналған алғашқы кітап. Университет ректоры Гульмира Бекмановаға да кітап табысталды. Аталмыш шара Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының ұйтқы болуымен ұйымдастырылды.

    Әңгіме барысында тараптар IT саласында білім алып жатқан жастарды жобаларға тарту және ынтымақтаса жұмыс істеу туралы уағдаласты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →