Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты • Тоқаев құтқарушылар академиясына әлемдік тәжірибені енгізуді тапсырды • «Батыл, қайсар, ширақ әрі өжет болу»: Тоқаев құтқарушыларды марапаттап, олардың еңбегін бағалады • Қазақстан мен АҚШ маңызды келіссөздер жүргізді: Марко Рубио елге келуі мүмкін • Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді • Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО) • Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты •

    Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО)

    Алматыда пәтерін жөндетіп жатқан бойжеткенді жұмысшылары тонап кеткен: түн ішіндегі ұрлықтың видеосы тарап кетті (ВИДЕО)

    Фото: скриншот

    Алматы тұрғыны пәтеріне жөндеу жұмысын жасатамын деп, төрт кондиционер мен жуынатын бөлмеге арналған екі қымбат сантехникасынан айырылып қалды. Бұл туралы бойжеткен «Threads» желісінде жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Оның сөзінше, үйіне келген арнайы маман қабырғаны кондиционер орнатуға бірнеше күн бойы дайындаған. Кейін  пәтердің құпия кодын біліп алып, түнде мүлікті алып кеткен.

    Ұрланған заттардың ішінде әрқайсысы 180 мың теңге тұратын төрт кондиционер мен  жалпы құны шамамен 1 млн теңге болатын сантехника жоғалған. Осылайша, бойжеткенге 1,7 млн теңге шығын келген

    Әйелдің сөзінше, күмәнді жағдайды тұрғын үйдің күзетшісі байқап, заттарды алып шыққан адамдардың бет-бейнесі мен көліктің нөмірін телефонға түсіріп алған. Онда бірнеше ер адамның заттарды көлікке тиеп жатқанын байқауға болады.

    «Мен жұмыс істеймін, ақша табамын, жөндеуге қажет заттарды сатып алып, жұмыстың ақысын алдын ала төлеймін, адамдарға сенемін. Ал түптің түбіне келгенде осындай жағдайға тап болдым», – деп жазды ол.

    Тұрғынның полицияға арызданған-арызданбағаны әзірге белгісіз. Дегенмен, редакция осы видеоға қатысты Алматы қаласының полиция департаментіне сұрау салды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →