Шығыс Қазақстанда өрттен әйел мен екі бала қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысы Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, өрт орнынан әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. Өрт 63 шаршы метр аумақты шарпыған.
Фото: freepik
Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, өрт орнынан әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Өрт сөндірушілер келгенде жалын үйді түгел қамтып, шатыры опырылып түскен болатын.
«Өртті сөндіру кезінде әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. 63 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді», – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
