Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 17 қазан 2026 $ 452,7↑€ 508,8↑₽ 5,41↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды • Бельгия королевасы Матильда Астанада қазақстандық зергердің гауһар сырғасын тақты • Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу • Үндістанда екі басты нәресте дүниеге келді • 99 жастағы әжей ұшақ қанатында ұшып, Гиннес рекордын орнатты • Қостанайда мас күйде көлік басқарған жүргізуші 1 жыл 9 айға сотталды • Бельгия корольдік жұбының Қазақстанға алғашқы сапары туралы шетелдік БАҚ жазды •

    Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу

    Нумерология арқылы қалаңыздың энергетикасын анықтап, өзіңізге сәйкес мекенді табыңыз. 1-ден 9-ға дейінгі сандардың сипаттамасы мен есептеу әдісі.

    Қалаңыздың энергетикасы: нумерология арқылы өз мекеніңізді танып-білу

    Сурет: ЖИ

    Бақытты болатын қалаңызды және мансапты оңай құру жолын білгіңіз келе ме? Онда нумерология көмекке келеді. Қаланың энергетикасын анықтап, оның сізге сәйкес келетін-келмейтінін білу қиын емес. Кестеге қарап, қала атауындағы әр әріптің сәйкес санын жазып алыңыз. Содан кейін сандарды қосып, қосынды бір цифрға жеткенше есептеңіз. Шыққан нәтиже қаланың энергетикалық коды мен сипатын айқындайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    1 | А, Ә, И, С, Ъ
    2 | Б, Й, Т, Ы, І
    3 | В, К, Қ, У, Ұ, Ү, Ь
    4 | Г, Ғ, Л, Ф, Э
    5 | Д, М, Х, Һ, Ю
    6 | Е, Н, Ң, Ц, Я
    7 | Ё, О, Ө, Ч
    8 | Ж, П, Ш
    9 | З, Р, Щ

    Мысалы, АСТАНА: А – 1, С – 1, Т – 2, А – 1, Н – 6, А – 1. 1+1+2+1+6+1=12, 1+2=3. Демек, Астана қаласының энергетикасы – 3 санында сипатталған.

    Қалалардың нумерологиялық мәндері мен сипаттамасы

    Қала энергиясы – 1
    Бұл – өмірі қайнаған, тым құбылмалы әрі белсенді қала. Мұндай ортаға тек ішкі тірегі мықтылар ғана төтеп береді. Тіпті көшбасшылардың өзі қарқыннан шаршап, жиі демалысты, қалпына келтіру шараларын қажетсінуі мүмкін. Сондықтан мұнда көбіне ең мықты әрі тәуелсіз жандар тұрақтайды. Бұл мекен адамнан үнемі шыдамдылық пен батыл шешімдерді талап етеді. Егер қиындықтардан қорықпайтын болсаңыз, бұл қала рухыңызды шыңдай түседі.

    Қала энергиясы – 2
    Бұл – мол мүмкіндіктер мекені. Мұндағы сәттіліктер мен мүмкіндіктер алақанға өзі кеп түседі, тек ұстап қала алсаң және жауапкершілікпен арқалай алсаң болғаны. Оларды дұрыс пайдалана білу қажет. Бұл қала адамның ішкі интуициясы мен дипломатиялық қабілеттерін дамытуға үлкен септігін тигізеді. Мұнда жаңа танысулар мен пайдалы байланыстар арқылы өмірлік мақсаттарға жету әлдеқайда оңайырақ.

    Қала энергиясы – 3
    Үштік қалаларының энергетикасы ерекше, керемет! Оны келген сәттен-ақ бірден сезінуге болады. Бұл мекенде мейірімді, жаны таза және әрдайым көмек қолын созуға дайын адамдар көп шоғырланған. Мұндай орта шығармашылық пен шабыттың ашылуына аса қолайлы жағдай жасайды. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына жан дүние тыныштығы мен қуат сыйлайды.

    Қала энергиясы – 4
    Бұл – тұрақтылық пен сабырдың қаласы. Мұнда келушілерді өлшеулі, тәртіппен реттелген, бірқалыпты өмір стилі күтіп тұрады. Бұл мекен кенеттен болатын өзгерістерді ұнатпайтын, тыныш өмір салтын қалайтын жандарға таптырмас таңдау. Төрттік қаласы барлық істе жүйелілік пен сезімталдықты бағалайды.

    Қала энергиясы – 5
    Бұл – оқиғаларға толы, қызықты қала. Мұнда сізбен күн сайын әдеттегі ұсақ мәселелерден бастап, табиғи құбылыстарға дейін әртүрлі жағдайлар орын алып тұрады. Өмір ырғағы тұрақсыз, тұрғындары да соған сай өзгеріп отырады. Бұл қала тұрақтылық пен тыныштық іздеген жандарға мүлде сәйкес келмейді.

    Қала энергиясы – 6
    Отбасын құруға және шаңырақ көтеруге қолайлы, ең тамаша қала. Әсіресе қызмет көрсету саласында еңбек ететіндерді мол табыс пен жетістік сыйлайды. Егер шектен тыс атақ пен асқақ даңқтың соңына түсіп кетпесеңіз, бұл мекенде жайлы өмір сүру үшін жағдай жасау қиын емес. Мұндағы жайлы атмосфера адамға отбасылық жылулық пен бақыт сыйлайды.

    Қала энергиясы – 7
    Бұл – тұрғындары оңашалықты ұнататын, консервативті қала. Рухани ізденіс пен ішкі әлемді түсінуге мол мүмкіндік береді. Мұндағы орта жалғыз қалып ойға шомып, философиялық тұрғыда толғанатын жандарға майдай жағады. Ал көпшіл экстраверттер үшін қолайлы нұсқа бола қоймас.

    Қала энергиясы – 8
    Сегіздік қаласы үнемі даму, жаңарып-жаңғыру үстінде. Мұнда күн сайын бір жаңалық орын алады. Бұл мекенде әрбір адамның мансап пен өмірде үлкен жетістікке жетуге мүмкіндігі бар. Алайда жаңадан көшіп келгендерді алдымен сынап алады, біраз қиындықтар туындауы мүмкін. Нағыз бақ тек ең мықты әрі мақсатына берік жандарға ғана серік болады.

    Қала энергиясы – 9
    Бұл қала баяу, бірақ сенімді түрде дами отырып, кішігірім қадамдармен үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Егер сіз көздеген мақсат пен мансап тым биік болса немесе берік қарым-қатынас орнатқыңыз келсе, бұл орын тамаша үйлеседі. Тоғыздық энергиясы адамға рухани кемелдік пен ішкі гармония сыйлайды.

    Әр елдімекеннің энергетикасы мен мінезі тұрғындарының тағдырына айтарлықтай әсер етеді. Нумерологиялық есептеулер арқылы өз қалаңызды түсіну өмір жолыңызды жеңілдетіп, үйлесімділік пен табысқа жетудің бір тәсілі. Өз мекеніңізді дұрыс таңдау арқылы болашағыңызға сенімді қадам жасап, ішкі әлеміңіз бен сыртқы орта арасындағы тепе-теңдікті сақтай аласыз.

    Аударған: Х. Орал

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →