Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды •

    «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды

    «Әділет» партиясы жастар қанатының «Таза Qazaqstan» эстафетасында 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды. Депутаттар Ерейментауда азаматтарды қабылдады.

    «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды

    Сурет: turkystan.kz

    «Әділет» партиясының жастар қанаты ұйымдастырған ауқымды «Таза Qazaqstan» Road-эстафетасы барысында қатысушылар 474 шақырымға жуық жол жүріп, Ақмола және Павлодар облыстарының аумағында 40 тоннаға жуық қоқыс жинады. Эстафета кезінде Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдауды да өткізді.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Атап айтқанда, Құрылтай депутаттары әрі «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Айнагүл Балташева, Ерқанат Мұсылманбек және Юлия Кучинская Ақмола облысы Ерейментау ауданында ұйымдастырған қабылдауда 20-дан астам тұрғынның ұсыныс-тілегін тыңдады.

    «Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары – өңірлердің нақты қажеттіліктерін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды кері байланыс. Сондықтан әр мәселені нақты қарастыру қажет», – деді депутат Айнагүл Балташева.

    Қабылдау барысында тұрғындар Ерейментау қаласындағы «Жігер» стадионын және № 8 АТК колледжінің ғимаратын жөндеу, аудандық орталық аурухананы заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, қалалық қазандықты жаңғырту, су құбыры желілерінің құрылысын аяқтау және ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту мәселелерін көтерді.

    «Ауылдар мен аудан орталықтарының тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелі түрде шешу маңызды. Жергілікті бюджет мүмкіндіктерімен қатар, облыстық және республикалық деңгейдегі қаржыландыру тетіктерін де қарастыру қажет», – деді депутат Ерқанат Мұсылманбек.

    Сонымен қатар тұрғындар ауылдарға кіреберіс жолдарды жөндеу, Ажы және Қойтас ауылдары арасында көпір салу, Малтабар, Ақмырза ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ашу, ауылдық клубтар салу және кәсіпкерлер үшін электр қуаты тарифін арзандату мәселелеріне назар аударды.

    «Қоғамдық қабылдаудың басты мақсаты – тұрғындарды тыңдау және олардың ұсыныстарын назарға алу. Әрбір өтініштің артында нақты адамның, отбасының немесе тұтас ауылдың қажеттілігі тұр», – деді депутат Юлия Кучинская.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы миллионға жуық волонтерді біріктіріп, жаңа экологиялық мәдениет қалыптастырудың нақты құралына айналды. Осы орайда эстафетаға қатысып жатқан белсенділер партияның «Вандализмге жол жоқ!» акциясын қолға алып, «Кемпіртас» тауы аумағын қоқыстан тазалады. Олар табиғи нысандарға салынған жазулар мен граффитилерді жою жұмысын жүргізді.

    «Кемпіртас» тауы – халқымыз үшін маңызды тарихи әрі рухани мұра. Ал оны қаз-қалпында сақтау – баршамызға ортақ жауапкершілік», – деді жастар қанатының белсендісі Мерей Сапарова.

    Сондай-ақ эстафета аясында Екібастұз қаласында тұрғындар мен жастарға арналған ашық аспан астындағы Open Air концерті өтті. Алдағы уақытта жастар арасында «Чемпиондық Рух» жобасы аясында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, жол бойындағы тазалық жұмысы жалғасын табады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →