Юсуф Ашрапов U-23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алды
Лас-Вегаста U-23 грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық Юсуф Ашрапов 72 кг салмақта финалда армениялық Гаспар Тертерянды 4:3 есебімен жеңіп, алтын медаль алды.
Видеодан кадр
Лас-Вегаста өткен U-23 грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Юсуф Ашрапов алтын медаль жеңіп алды.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
72 килограмм салмақ дәрежесіндегі финалда ол армениялық Гаспар Тертерянды 4:3 есебімен жеңді.
Бұл — Қазақстанның турнирдегі екінші «алтыны». Бұған дейін 60 килограмм салмақта Айбек Айтбеков әлем чемпионы атанған болатын.
