Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тайвань дауы: Қытай АҚШ-қа қатаң ескерту жасады • «Рекорд жасадым»: қалталы кәсіпкер Бадықоваға үйленіп алған Олжас Абайдың жазбасы көптің ашуына тиді • Айбек Айтбеков Лас-Вегаста 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанды • Юсуф Ашрапов U-23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алды • Жолаушыға интимдік ұсыныс жасаған: Астанада такси жүргізушісі соттан бірақ шықты • Семейде қонақүйде жанжал шығарған қыз қамауға алынды • Тайвань дауы: Қытай АҚШ-қа қатаң ескерту жасады • «Рекорд жасадым»: қалталы кәсіпкер Бадықоваға үйленіп алған Олжас Абайдың жазбасы көптің ашуына тиді • Айбек Айтбеков Лас-Вегаста 23 жасқа дейінгі әлем чемпионы атанды • Юсуф Ашрапов U-23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен алтын алды • Жолаушыға интимдік ұсыныс жасаған: Астанада такси жүргізушісі соттан бірақ шықты • Семейде қонақүйде жанжал шығарған қыз қамауға алынды •

    Семейде қонақүйде жанжал шығарған қыз қамауға алынды

    Семейде қонақүйде жанжал шығарған қыз қамауға алынды

    Фото: istockphoto.com

    Семейде қонақүйге орналастырудан бас тартқаннан кейін жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған 24 жастағы қыз бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info Ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

    Оқиға 12 қазанда таңғы сағат 04:30 шамасында Семейдегі қонақүй кешендерінің бірінде болған.

    Ведомствоның мәліметінше, қонақүй әкімшілігі 24 жастағы келушіні орналастырудан бас тартқан. Бұған наразы болған қыз жанжал шығарып, әкімшіні балағаттаған. Ескерту жасалғанына қарамастан, ол қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзуды жалғастырған.

    Полицейлер қыздың жеке басын анықтады. Ол Үржар ауданының тумасы болып шықты.

    Сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →