Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ • Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы Ұлтай Мырзамбекқызы дүние салды • 14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады • Маңғыстау облысында ботулизммен ауырған үш науқас емделіп шықты • Түркістан облысында үй жөндеу кезінде пакеттерге салынған миллиондар табылды • Алматыда тұрақ орны үшін болған жанжалдан ер адам қаза тапты • Пенза облысында «Орталық Азия — Орталық» газ құбырында жарылыс болды, Қазақстанға әсері жоқ •

    14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады

    Синоптиктер 14 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының бұзылатынын хабарлады: тұман, шаңды дауыл, жел екпіні 15-20 м/с және өрт қаупі.

    14 қазанда бірқатар өңірде ауа райы қолайсыз болады

    Сурет: istockphoto

    Синоптиктер 14 қазанда Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райының бұзылатынын ескертті. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Күннің екінші жартысында облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, ал Қарағанды қаласында күндіз 15 м/с болады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Ұлытау облысының батысында, орталығында және оңтүстігінде, сондай-ақ Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Алматы облысының шығысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді.

    Атырау облысының солтүстігі мен шығысында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні осы аймақтарда 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді, төтенше өрт қаупі сақталады.

    Павлодар облысының солтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні 18 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында түнде және таңертең тұман болады.

    Маңғыстау облысының орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен орталығында 15-20 м/с болады. Орталықта жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

    Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың батысы мен таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

    Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз осы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Абай облысының оңтүстігі мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігі мен орталығында жел екпіні 15-20 м/с болады.

    Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады.

    Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, ал солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

    Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман болады.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с болады.

    Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →