Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды • Сәкен Майғазиевтің анасы 89 жасында дүние салды • Азия ойындары: Махмуд Сабырханның жекпе-жегіне төрелік еткен қазылар жарыстардан шеттетілуі мүмкін • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды •

    Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған

    Шымкентте Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың жолын байлап, шоттарын жауып тастаған

    Фото: istockphoto.com

    Шымкентте мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері инвестордың жұмысына кедергі келтіріп, жұмысына заңсыз араласқаны анықталды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.

    Қалалық прокуратураның мәліметінше, ведомство өкілдері «White Fellow-Deer» компаниясының шығыс операцияларын тоқтату туралы әкімшілік акт шығарған. Осыдан кейін компания корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша салық есептілігін тапсырып, ведомствоның талаптарын орындаған.

    Салық кодексінің 86-бабы 7-тармағына сәйкес, мұндай жағдайда әкімшілік актіні шығарған салық органы ертеңінде-ақ тоқтатуы керек болатын.

    Алайда Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың шоттарын қалпына келтірудің орнына, әкімшілік актінің күшін тек 4 айдан кейін жойған.

    «Осы факті бойынша кінәлі лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 216 250 теңге айыппұл салынды. Бұдан бөлек, инвесторлардың банк шоттарына қойылған шектеулерді уақытылы алып тастамаған тағы үш салық органының қызметкері әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген прокуратураның хабарламасында.

    Шымкент қаласының прокуратурасы әкімшілік қиындықтарға ұшыраған инвесторларды +7 (707) 615-00-10 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →