Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты • «Әділет» партиясы Алматы облысында азаматтарды қабылдады • Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды • Мемлекет басшысы мен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді • Кілтті ауыстыруға болмайды: үй иесі жалдаушыны неге соттан тыс шығара алмайды? • «Ерсі көрінеді»: Белгілі блогердің киген киімі көпке жақпай қалды • Елена Рыбакинаға қатысты жайсыз хабар шықты •

    Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды

    Алмалы ауданындағы экологиялық акцияда 200 келіге жуық қайталама шикізат жиналды

    Фото: Алматы әкімдігі

    Алматыдағы Lake Town тұрғын үй кешенінің аумағында қалдықтарды бөлек жинауға арналған экологиялық акция өтті. Алдын ала мәлімет бойынша, іс-шараға қатысушылар 200 келіге жуық қайта өңдеуге жарамды қалдық жинаған. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері айтты, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Акция барысында пластик қақпақтар мен бөтелкелер, макулатура, полиэтилен, шыны ыдыстар, алюминий банкалар, батарейкалар, сондай-ақ құрамында сынап бар шамдар қабылданды.

    Көпшіліктің назарын аударған орындардың бірі пластик қақпақтарды ұсақтайтын велосипед құрылғылары болды. Қатысушылар педальді айналдыру арқылы қақпақтарды өздері ұсақтап, пластикті қайта өңдеуге дайындау үдерісімен танысты.

    Акцияны қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамыту және экологиялық сауаттылықты арттыру бағытында жұмыс істейтін ECO Network экологиялық қауымдастығы ұйымдастырды.

    Жиналған қалдықтар одан әрі қайта өңдеуге жіберілді. Қайта өңделген пластиктен салпыншақтар, тіреуіштер, интерьер бұйымдары, жиһаз және түрлі арт-нысандар жасалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →