Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ореховтың голы «Металлургке» КХЛ матчында жеңіс әперді • Омбудсмен: Жастарға жасалған мүмкіндік – ел болашағына салынған инвестиция • Айнұр Тұрсынбаева Нұрболхан Шараповтың әзіліне өлеңмен жауап қайтарды • Мейірхан Тоқаевтан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады • Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • Ореховтың голы «Металлургке» КХЛ матчында жеңіс әперді • Омбудсмен: Жастарға жасалған мүмкіндік – ел болашағына салынған инвестиция • Айнұр Тұрсынбаева Нұрболхан Шараповтың әзіліне өлеңмен жауап қайтарды • Мейірхан Тоқаевтан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады • Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек •

    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды

    Түркістан облысында айыппұлдан жалтармақ болып көлік нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалып, бір жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

    Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды

    Сурет: Polisia.kz

    Түркістан облысында айыппұлдан құтылу үшін көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін шүберекпен әдейі жасырған жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл құқық бұзушылық Шымкент – Самара тасжолында тіркеліп, оны жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтаған.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Сарыағаштан Түркістанға қарай Toyota көлігімен келе жатқан жүргізушінің Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Жинақталған материалдар сотқа жолданып, ол кінәлі деп танылды. Сот шешімімен жүргізуші бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Сонымен қатар оның жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерін алты рет бұзғаны анықталды.

    Түркістан облысында полицейлер заманауи бақылау жүйелерінің көмегімен жолдағы құқық бұзушылықтарды анықтап, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →