Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек
АҚШ Қорғаныс министрлігі 2009 жылы Форт-Худ базасында 13 адамды өлтірген Нидал Малик Хасанның ату жазасын онлайн көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл 1936 жылдан бергі алғашқы жария өлім жазасы болуы мүмкін.
АҚШ Қорғаныс министрлігі 2009 жылы Форт-Худ әскери базасында 13 адамды өлтіргені үшін сотталған бұрынғы әскери психиатр Нидал Малик Хасанның ату жазасын онлайн-трансляциялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Пентагон басшысы Пит Хегсет мәлімдеді.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
«Оны белгіленген тәртіппен ату жазасына кеседі. Біз адамдардың мұны көре алуын қамтамасыз етеміз. Өйткені жұрт мұндай әрекеттердің ауыр салдары болатынын түсінуі керек», – деді Хегсет.
CBS News мәліметінше, бұл АҚШ-тағы 1936 жылдан бергі алғашқы жария өлім жазасы болуы мүмкін. Сол жылы шамамен 20 мың адам 70 жастағы әйелді зорлап, тонап, өлтіргені үшін сотталған Рейни Бетеаның дарға асылуын тамашалаған.
Хасанның ісі АҚШ-тағы әскери сот жүйесі мен өлім жазасын орындау тәсіліне қатысты мәселені қайта күн тәртібіне шығарды.
