Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген

    Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген

    Фото: el.kz

    Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйел адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Қайғылы оқиға 7 қазан күні Республика даңғылында болған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

    «Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері қаза тапқандардың 20 жастағы ұлын күдікті ретінде қолға түсірді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Қарағанды облысы Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.

    Құқық қорғау органының мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қосымша мәлімет осыған байланысты жарияланбайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →