Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 7 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды • Шымкентте 13 жастағы бала мейрамханада көз жұмды • Мемлекет басшысы Тимур Турловты қабылдады • «Төреғали аяқ киімін шешіп, кері лақтырар еді»: Қайрат Нұртастың мінезі талқыға түсті • Алматы әкімдігі жылу болмаған жағдайда қайда жүгіну керектігін еске салды • Құрылтай жанынан жаңа кеңес құрылады: Мәслихаттар заң әзірлеуге қатысады • Қазақстанға бес жылда $114 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды •

    «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр

    «Қазақмыс» Балқаштағы қоғамдық кеңістікті жасылдандырып жатыр

    Фото: Қазақмыс

    Балқаштың орталық саябағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақты көгалдандыру шарасы өтті. Жоба аясында 2 500 ағаш, оның ішінде 500 қарағаш және 2 000 пирамидалы терек отырғызу қолға алынды. Барлық отырғызу жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жобаның бастамашысы – «Қазақмыс» корпорациясы. Іс-шараға «Қазақмыс» корпорациясының Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі мен Балқаш қаласының әкімі Саян Мұратұлы қатысты.

    Көгалдандыру жұмысы биіктігі 2,5 метр болатын, топырақ түйіршігімен қазып алынған ірі көлемді көшеттерді пайдалану арқылы жүргізілуде. Жоба аясында ағаш отырғызылатын орындар дайындалып, тамшылатып суару жүйесі қарастырылды және алғашқы суару жұмысы атқарылды.

    Жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі – 57,5 млн теңге. Қаражат аумақты дайындауға, көшеттерді жеткізу мен отырғызуға, суару жүйесін орнатуға және басқа да қажетті жұмыстарға бағытталды.

    Жаңа жасыл аймақ орталық саябақтың бір бөлігіне айналып, оны одан әрі абаттандыруға ықпал етеді. Жоба қоғамдық кеңістікті дамытуға, қалалық ортаның жайлылығын арттыруға және Балқаш тұрғындарының демалысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

    Қазақмыс өзінің қатысы бар өңірлерде экологиялық және әлеуметтік бастамаларды іске асыруды жалғастырып, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға және қалалық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →