Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 6 қазан 2026 $ 448,5↓€ 501,6↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр • Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Оман Сұлтанын қарсы алды • «Уәде еткен паркинг жоқ, енді жерін де алып қоймақ»: Астанада тұрғындар құрылысқа қарсы шықты • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытындағы 250-ден астам электролиз ваннасын жаңартады • «Петропавлда адам түгілі, көлік әрең өтеді»: тұрғындар күн сайын батпақ кешуге мәжбүр • «Үш рет от шыққан»: Алматыдағы тұрғын үйдің қасбетіндегі жарық тағы тұтанды • Алматының Медеу ауданында абаттандыру тәсілін өзгертіп жатыр •

    Тоқаев Оман Сұлтанымен әуежайда кездесіп, келіссөздер жоспарын талқылады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидпен әуежайда кездесіп, екіжақты келіссөздер мен бизнес форумға қатысу жоспарын талқылады.

    Тоқаев Оман Сұлтанымен әуежайда кездесіп, келіссөздер жоспарын талқылады

    Астана әуежайының залында Қазақстан мен Оман басшылары қысқаша әңгімелесті. Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты дамыту тұрғысынан Оман Сұлтанының сапары тарихи мәнге ие екенін атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    – Оман Сұлтандығы экономикасын ілгерілетуде зор табысқа жеткен, халықаралық аренада өте белсенді әрі конструктивті дәнекер мемлекет ретінде белгілі. Еліңіздің өз аймағында, одан тысқары жерлерде, соның ішінде Қазақстанда да беделі биік. Мемлекеттеріміз арасындағы серіктестіктің әлеуеті зор екеніне сенімдімін. Алдымызда ынтымақтастық аясын мейлінше кеңейту міндеті тұр, – деді Президент.

    Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ертеңгі келіссөздердің мазмұнды әрі жемісті өтетініне сенім білдірді.

    Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізу, бірқатар маңызды құжатқа қол қою, сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қазақ-оман бизнес форумына қатысуы жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →