Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пара алған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталды • «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді • Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Пара алған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталды • «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді • Соғым деп сан соқтырған: Астанада жылқы етін сатушы алаяқ сотталды • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады •

    «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді

    «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді

    Фото: видео скриншот

    Биыл жазда Шымкент – Алматы бағытындағы FlyArystan рейсінде болған жағдай енді сотта қаралмақ, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Жолаушы Абылай Байтеновтің айтуынша, 9 шілдеде адамдарды ұшаққа отырғызғаннан кейін есіктер жабылып, кондиционер жұмыс істемеген салонда шамамен 45 минут ұстаған.

    Сол күні Шымкентте ауа температурасы +36,2 градус болған, ал жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлап, оған көмек көрсетуге тура келген.

    Кейін жолаушылар қайтадан терминалға шығарылып, рейсті тағы бір сағаттай күткен.

    Байтенов енді сол күнгі температура туралы ресми деректер мен видеожазбаларды сотқа дәлел ретінде ұсынбақ, ал FlyArystan-ға қарсы талап бойынша сот отырысы 20 қазанға белгіленген.

    Жолаушылардың қауіпсіздігіне жауапты әуе компаниясында адамдардың аптап ыстықта жабық ұшақ ішінде осынша уақыт отыруына неге жол берілгені енді сотта анықталмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →