Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматыда қатты жаңбыр: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде

    Алматыда 5 қазанға қараған түні қатты жаңбыр жауып, жел екпіні 15-18 м/с жетеді. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп, 70 бригада кезекшілік етеді.

    Алматыда қатты жаңбыр: коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде

    Фото: magnific.com

    Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметтері күшейтілген кезекшілікке көшті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    5 қазанға қараған түні қатты жаңбыр жауып, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-18 метрге дейін жетеді деген болжам бар.

    «4 қазан сағат 21:00-ден кейін жаңбыр басталып, түн ортасынан кейін жауын-шашын күшейеді. Кей уақыттарда жауын-шашын мөлшері 15-20 мм-ге жетуі мүмкін. Таңертең жаңбыр бәсеңдеп, 5 қазан түске дейін тоқтауы мүмкін», – деп хабарлайды «Қазгидромет».

    Қаланы су басудың алдын алу үшін 70 мобильді бригада кезекшілік етеді. Дайындықта 337 арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап бар. Жұмысқа 717 маман тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →