2 қазанда Атырауда ауа сапасы нашарлауы мүмкін
«Қазгидромет» 2 қазанға қараған түні Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін хабарлады. Ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Сурет: istockphoto
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 2 қазанға қараған түні Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Осындай жағдайлар кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
