Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев AI & Digital Bridge-2026 форумында сөз сөйледі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge-2026 халықаралық форумында сөз сөйлеп, жаңа технологияларды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

    Тоқаев AI & Digital Bridge-2026 форумында сөз сөйледі

    Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge-2026 халықаралық форумында сөз сөйледі.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Іс-шараға қатысушыларға жолдаған сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge бүгінде Еуразиядағы беделді әрі кең танымал алаңға айналғанын атап өтті.

    – Форум өз алаңына әлемнің технологиялық дамуына елеулі үлес қосып жүрген тәжірибелі мамандарды жинады. Мұнда инновациялық идеялар туып, іскерлік байланыстар орнығып, нақты жобалар іске қосылады. Сондықтан AI & Digital Bridge-2026 – жаңашыл ойлайтын, креативті және зияткер адамдарды біріктірген бірегей платформа десек, артық айтқандық емес, – деді Мемлекет басшысы.

    Президент қарқынды өзгеріп жатқан дәуірдің ажырамас шындығына айналған жаңа технологияларды дамытудың айрықша маңыздылығын атап көрсетті.

    – Барлығымыз жасанды интеллект технологиялары өнеркәсіпті, қаржыны, білімді, ғылымды, мемлекеттік басқаруды және адамдардың өмір салтын түбегейлі өзгертіп жатқанына куә болып отырмыз. Осыны ескере отырып, AI & Digital Bridge күн тәртібі жыл сайын жаңарып отырады: жаңа өзекті тақырыптар пайда болады, қатысушылар шеңбері кеңейеді. Цифрландыру тақырыбымен қатар форумда есептеу инфрақұрылымы, үлкен тілдік модельдер, робототехника мәселелері де талқыланады. Ғылым мен технология саласындағы заңнамалық реттеуге және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Осылайша, AI & Digital Bridge жаңа технологиялар саласындағы халықаралық байланыстар үшін алтын көпір қызметін тиімді атқарады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →