Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 440,3↑€ 498,3↓₽ 5,28↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Тоқаев: IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты, 100-ден астам ел қолданады

    Қасым-Жомарт Тоқаев IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асқанын, цифрлық шешімдерді 100-ден астам ел қолданатынын айтып, жасанды интеллект саласында жауапкершілік қажеттігін мәлімдеді.

    Тоқаев: IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты, 100-ден астам ел қолданады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласында асқан жауапкершілік пен адалдық таныту қажеттігін мәлімдеді. Ол сондай-ақ еліміздің цифрлық трансформация жолындағы жүйелі қадамдары мен қол жеткізген табыстарын атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі 1 млрд доллардан асты. Біздің цифрлық шешімдерімізді әлемнің 100-ден астам елі пайдаланады. Бұл жетістіктердің барлығы Қазақстанның өз еліміз бен бүкіл әлемнің өркендеуі жолындағы прогреске деген шынайы ұмтылысын көрсетеді. Дегенмен озық технологиялар саласында қол жеткенмен тоқтап қалуға болмайды. Егер біз еліміздің қуатты технологиялық іргетасын қалыптастырғымыз келсе, инновациялық стартап-компанияларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз керек», – деді Мемлекет басшысы.

    Президент Дональд Трамптың бастамасымен жетекші американдық технологиялық компаниялардың жақында Суперинтеллект туралы келісімге қол қойғанын атап өтті. «Бұл тәсілді барлық мүдделі мемлекеттер мұқият талқылағаннан кейін жаһандық деңгейде қабылдауға болатын үлгі ретінде қарастырады деп ойлаймын», – деді ол.

    Қасым-Жомарт Тоқаев осы тұрғыда экономиканың нақты сұраныстарына негізделетін индустриялық AI-міндеттер тізбесін қалыптастырудың маңыздылығын айтты. Ол осы тізбе негізінде қазақстандық және шетелдік командаларды тарта отырып, AI Challenge байқауын бастауды ұсынды. Тиімділігін дәлелдеген үздік жобалар өндіріске енгізілетін болады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →