Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 2 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Шиеліде 4 млрд теңгелік күн электр станциясы іске қосылды

    Қызылорда облысы Шиелі ауданында 4 млрд теңгелік «VIGOR Holding» күн электр станциясы іске қосылды. Прокуратура қолдауымен жер мәселелері шешілді.

    Шиеліде 4 млрд теңгелік күн электр станциясы іске қосылды

    Сурет: Бас прокуратура

    Қызылорда облысы Шиелі ауданында құны 4 млрд теңге болатын «VIGOR Holding» күн электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жоба іске асырылды.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    Нысанды іске қосу рәсіміне Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров пен облыс әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.

    Жаңа күн электр станциясы өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға және Шиелі ауданының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    Жобаны іске асыру барысында инвестор жер қатынастарын рәсімдеуге байланысты бірқатар мәселеге тап болған. Оларды шешуге инвестициялық жобаны құқықтық сүйемелдеу аясында Шиелі ауданының прокуратурасы сүйемелдеді.

    Атап айтқанда, прокуратура Шиелі кентіндегі жер учаскелеріне жария сервитут белгілеуге, жұмыс жобасында көзделген инженерлік дәліз шегінде оның шекарасын, талаптары мен режимін айқындауға ықпал етті.

    Сондай-ақ прокуратураның үйлестіруімен әкімдіктің қажетті шешімдері қабылданып, жария сервитутты мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттар рәсімделді.

    Қабылданған шаралар әкімшілік мәселелерді шешіп, инвестициялық жобаның одан әрі кедергісіз іске асырылуына мүмкіндік берді.

    Инвесторлардың құқығын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Инвестициялық жобаларды іске асыруға және өңірлік бизнестің дамуына әсер етуі мүмкін мәселелерді жедел шешуге ерекше назар аударылады.

    Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →