Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 1 қазан 2026 $ 439,7↓€ 498,3↓₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Сеулден жеткен қаралы хабар: Қазақстан азаматы құрылыс алаңында қаза тапты

    Сеулден жеткен қаралы хабар: Қазақстан азаматы құрылыс алаңында қаза тапты

    Фото: Azattyq-ruhy.kz

    Оңтүстік Корея астанасы Сеулде Қазақстан азаматы құрылыс алаңындағы қайғылы оқиғадан көз жұмды. Ақпаратты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі растады,  деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Yonhap агенттігінің мәліметінше, оқиға 29 қыркүйекте Сеулдің оңтүстігіндегі көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында болған. Шамамен 30 жастағы қазақстандық жұмысшы ғимараттың 23-қабатындағы пәтерлердің бірінде тазалау жұмыстарын бастауға дайындалып тұрған. Сол кезде оның үстіне бетон төбенің бір бөлігі құлап кеткен.

    Оңтүстік Кореяның Еңбек министрлігі оқиғадан кейін нысандағы жұмыстарды тоқтатқан. Полиция мен құрылыс қауіпсіздігіне жауапты органдар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

    Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатқан.

    «Корея Республикасының құзыретті органдары оқиға бойынша тергеу амалдарын бастады. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, оларға консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр», – делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →