Тоқаев Нигерия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday.info.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады.
«Қазақстан президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті,», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
