Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді • Астанада 46 жастағы ер адам «Тұлпар» көпірінен Есілге секіріп, аман қалды • Абай облысында көлік ұрлап, өртеген жасөспірімдерге сот үкімі шықты • Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады • Тоқаев Қазақстан-Германия инвестициялық-өнеркәсіптік бастамасын ұсынды • Түркияда мектеп шабуылдарынан кейін 3 810 адам ұсталды • Қазақстан Халық Кеңесі Абай облысында алғашқы көшпелі диалог алаңын өткізді • Астанада 46 жастағы ер адам «Тұлпар» көпірінен Есілге секіріп, аман қалды •

    Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Қазақстанның ең жоғары наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті.

    Тоқаев Штайнмайерге «Алтын Қыран» орденін табыстады

    Сурет: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті. Салтанатты рәсімде Президент Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан сүбелі үлесін атап өтті.

    Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

    «Сіздің парасатты басшылығыңыз, берік ұстанымыңыз және диалог пен бірлікке бейілдігіңіз зор құрметке лайық. Бұл Германияға әлемдегі серіктестерінің сенімін күшейтіп, ықпалдастыққа жол ашты. Бүгінде Германия – өндірісте, ғылым мен технологияда көш бастаған, дамуы қарқынды инновациялық елдердің бірі», – деді Президент.

    Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетудегі Франк-Вальтер Штайнмайердің рөліне жеке тоқталды.

    «Президент мырза, Сізді Қазақстанның адал әрі сенімді досы, халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастығымызды жандандыруға қосқан қомақты үлесіңізді ескере отырып, Сізге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстаймын. Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз», – деді Мемлекет басшысы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →